Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Welcome to college» атты мамандықтар жәрмеңкесі өтті

Атырау қаласында Baizaar сауда ойын-сауық орталығында Халықаралық Жастар күніне арналған онкүндікке орай «Welcome to college» атты мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы және облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шара жастардың мемлекеттік бағдарламалар туралы сенімді ақпарат алуды, білікті мамандарға сұрақ қоюды, кеңестер алу арқылы жарқын болашаққа қадам жасаудың бірегей мүмкіндігін жасауды көздеді. Көшпелі кеңес беру алаңында оқу орындары тарапынан берілетін мүмкіндіктер, яғни тегін білім алу, грант мәселесі сынды өзекті тақырыптар туралы ақпараттар берілді.
Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Сағидоллаеваның айтуынша, жәрмеңкеге 11 оқу орны қатысты. Мұнда 700 ден астам жас талапкер өздерін толғандырған сұрақтарына тиісті мамандардан заң шеңберінде жауап алды.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button