
Атырауда воркаут алаңдары салынады (+ФОТО)
Atr.kz/21 қазан, 2019 жыл. Облыс орталығындағы тозығы жеткен 8 спорттық- жаттығу алаңының орнына жаңа воркаут алаңдары салынады.
Жөндеуге жарамсыз жаттығу алаңдары воркаут-пен алмастырылады. Әсіресе, «Авангард» ықшам ауданы, Смағұлов көшесі және Жайық жағалауында орналасқан кейбір спорттық-алаңдардың әбден тозығы жеткен. Осыны ескерген қалалық ТКШ бөлімі, олардың орнына воркаут алаңдарын салуды қолға алған.
Аталған алаңдар қаладағы 8 мекен-жайға салынады. Олардың әр қайсысының көлемі әртүрлі. Ең кішісі – 150 шаршы метрден басталып, 400 шаршы метрге дейін жетеді. Тиісінше, воркаут алаңдары аумағына қарай, түрлі спортық-құралдармен жабдықталады.


— Жоспар бойынша, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шарашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты мердігер мекеме, алаңдарды салу үшін жерді дайындау жұмыстарын бастап кетті. Аталған жұмыстар жыл аяғына дейін аяқталады деп көзделген – деді, қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз-хатшысы Аңсаған Сағынбаева.
Бөлім мамандарының айтуынша, воркаут алаңдары спорттық-жаттығу алаңдарына қарағанда, ұзақ мерзімге дейін төзімді болып келеді.
Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі
