
ЖаңалықтарМедицина
Атырауда вакцина алуда құқық қорғау органдарының қызметкерлері көш бастап тұр
Сovid-19-ға қарсы вакцина алған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 167%-ға жетті, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев мәлімдеді.
- Медицина қызметкерлері арасында көрсеткіш – 104%, мемлекеттік қызметшілер – 115% , полиция қызметкерлері– 91% , педагогтар арасында – 78%. Ең төменгі көрсетікішті студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар құрап отыр, — деді Қайсар Абдалиев.
23 шілдедегі мәлімет бойынша, өңірде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның I компонентімен 132 904, II компонентімен 79 066 адам егілді.