ӘЛЕМдегі АХУАЛ: коронавирустан ИРАНда 1685, ал, ИТАЛИЯда 1 тәулікте 800-ге тарта адам көз жұмды

200322223346396a3628455i Жаңалықтар

Atr.kz/22 наурыз, 2020 жыл. Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 21638 адамға жетті, 1685 адам мерт болды.

Бұл туралы Иранның денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур мәлім еттті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

«Соңғы тәулікте вирус жұқтырудың 1028 жаңа жағдайы анықталды. Ал Иранда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 21638, көз жұмғандар саны 1685 адамға жетті», – деді баспасөз мәслихатында министрлік өкілі.

Джаханпурдың айтуынша, инфекция жұқтырғандардың 7913-і сауығып шыққан.

***

Италияда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны күрт өсті, індет 793 адамның өмірін қиып кетті.

Қауіпті вирустан мерт болғандар саны бұл елде 4 825 адамға жетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Би-Би-Си ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлем бойынша бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 32 мың адамға көбейіп, 266 мыға жетіп қойған. 11 мыңға тарта кісі қайтыс болған.

Джонс Хопкинс университетінің хабарлауынша, тіпті әлемде коронавирусты жұқтырғандардың саны 300 мыңнан асып кеткен.

Италия бейсенбі күні-ақ коронавирустан болған өлім-жітім бойынша Қытайдың алдына шығып кеткен еді. 22 наурыздағы мәліметке сүйенсек Covid-19 Италиядағы 53 578 тұрғыннан табылған. Бұл 21 наурыздағы көрсеткіштен 6 557-ге артып отыр.

Коронавирустың ең үлкен ошағы анықталған Ломбардияда инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қатаң шаралар қолға алынды. Сенбі күні кешке жарияланған жаңа ережелерге сәйкес көшеде спортпен, дене машығымен айналысуға тыйым салынған. Сауда автоматтарын пайдалануға да шектеу қойылған.

Халыққа ең қажетті тауарларды санамағанда бизнеске барлық операцияны тоқтатуға пәрмен берілді. Аурухана тұрғызудан басқа барлық құрылыс жұмысын жүргізуге тыйым салынды. Ашық аспан астындағы барлық базардың жұмысы тоқтатылды.

Ломбардияда коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан 3 095 адам жан тапсырған.

Римдегі екі монастырь карантинге жабылды. Ондағы 59 монах әйел коронавирус жұқтырып алған. Елде Covid-19 індетінен 28 дін қызметкері бақилық болды.

Ресей сенбі күні коронавируспен күресу үшін Италияға әскери вирусологтар мен қажетті құрал-жабдықтарды жіберетінін жария етті.

Аман ШАМАР

200322185427a3628413d
http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-biz-birgemiz-nur-otan-aktsiyasynda-35-mln-teңge-zhinaldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз