Жаңалықтар
Атырауда үшем дүниеге келді
Облыстық перинаталдық орталықта 26 жастағы атыраулық жас ана үшемді дүниеге әкелді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жүктілігінің 33 аптасында ота жасау арқылы сәбилерін қолына алған ананың қазіргі жағдайы жақсы. Жас отбасының бұл алғашқы перзенттері. Сәбилеріне Абдул Хаким, Хафиза, Хабиба есімдерін қойған. Үшемдер 28 ақпанда 1,711 гр, 1,823гр, 1,420 гр салмақта дүниеге келген.
Айта кетерлігі, бұған дейін облыста үшемнің өмірге келуі 2022 жылы тіркелген болатын. Енді міне, араға екі жыл салып өңірде тағы бір үшем дүние есігін ашты. Олар бүгін ақхалаттылардың тынымсыз еңбегінің арқасында анасымен бірге перзентханадан үйіне аман-есен шығарылды.
Мәлике МӘЛІК