Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда үш бала суға кетіп қалды

Кеше Атырау қаласының оң жақ бөлігінде орналасқан Береке ауылында Жайық өзенінде белгісіз жағдайда 16 жастағы үш жасөспірім суға кетіп қалды.

Күн еңкейген уақытта облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері екі жасөспірімнің денесін судан алып шықты.

Үшінші баланың денесі бұл күні табылмады. Оның үстіне қараңғы түсуіне байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылған болатын.

Аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін таңертең сағат 06:30-да іздеу жұмыстары қайта жалғасып, шамамен сағат 09:15-те үшінші жасөспірімнің денесі өзеннен табылды.
Таңертеңгі іздеу жұмыстарына бес қайық пен он құтқарушы жұмылдырылды.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button