Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда ұлттық ойындардан сайыс өтті

Атырау қаласында Құрбан айт мерекесіне орай ұлттық ойындардан сайыс өтті. «Иманғали» орталық мешітінде ұйымдастырылған жарыста қазақ күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыстан жеңімпаздар марапатталды.

Аталған мешіттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақ күресінен жүлделі бірінші орынды (100 мың теңге) Дулат Багенов жеңіп алды. Екінші орын (80 мың) Біржан Молдашевқа бұйырса, үшінші орынды (60 мың) Нұрсұлтан Абуов иеленіп, жеңімпаздар қаржылай жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, Дулат Багенов гір тасын көтеруден де жеңіске жетіп, бірінші орынға шықты. Бұл спорт түрінен екінші және үшінші орындарды Досқали Досқалиев пен Бақтыбек Бектемесов өзара бөлісті.

Ал арқан тартыс ойынында бірінші орынды «Абырой» командасы жеңіп алды. «Гіршілер» командасы екінші, «Дзюдошылар» командасы үшінші орынмен марапатталды.

Жеңімпаздарға қаржылай жүлделер мен дипломдар табыс етілді.

Айта кету керек, аталған іс-шараны «Иманғали» орталық мешіті мен “Жәрдем – Атырау” коорпоративтік қоры бірлесіп ұйымдастырды.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button