Жарнама
Мәдениет

Атырауда Ұлттық Домбыра күні тойланды

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы жанындағы «Мұрагер» фольклорлық ансамблі Ұлттық домбыра күніне орай «Инфинити» сауда ойын-сауық орталығында концерттік бағдарламасын ұсынады.

Осы игі шара аясында «Мұрагер» ансамблі, «Інжу-Маржан» би ансамблі және еліміздің белгілі орындаушылары халық күйлері мен әндерін, классикалық шығармаларды, Атырау топырағынан шыққан композиторлардың туындыларын ұсынады.

Бағдарламада Құрманғазы, Қазанғап, Махамбет күйлері, халық әндері, Біржан сал, Сәкен Сейфуллин, Әбілахат Еспаев, сондай-ақ заманауи композиторлардың шығармалары орындалады.

-Бұл концерт ұлтымыздың мәдениеті мен өнерін дәріптеуге, рухани жаңғыруымызға үлес қосып, ұлттық аспапқа деген құрметті арттыруға бағытталған,- деді концерттің көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Ержан Қитаров.

Кеш соңында көрермендер орнынан тұрып, шапалақтап алғысын білдіріп, өнер ұжымдарына ақ тілектерін жаудырды.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button