Атырауда «Үкілі домбыра» республикалық байқауы өтеді
Atr.kz/4 шілде, 2019 жыл. Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ұлттық домбыра күніне орай домбыра аспабын жасаушы қолөнер шеберлері арасында «Үкілі домбыра» республикалық байқауы өткізіледі.
Мақсат – қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі – домбыраның артықшылықтарын көрсете отыра, оның әуендік, әуездік жоғары мүмкіндіктерін анықтау. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан сан ғасырлық тарихы бар саз аспаптарын жасау шеберлігін жандандыру, оларды насихаттау, жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін арттыру.
Байқауға республиканың әр өңірінен домбыра жасау шеберлері қатынасады. Сонымен қатар шеберлердің шеберлік сағаттары мен тері, ағаш бұйымдарынан жасалған жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
«Atr-Ақпарат«