Атырауда туризм саласында 330-дан астам жаңа жұмыс орны құрылады

gorod1 scaled 1 Жаңалықтар

Атырау облысының кешенді даму жоспары аясында туризм саласында 338 жаңа жұмыс орнының құрылуымен 10,8 млрд. теңгеге 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Бүгінде 5 жоба іске асырылса, екі жоба жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов мәлімдеді.

Облыстағы туризм саласын дамыту кешенді даму жоспары аясында бірқатар инвестициялық жобалар іске асып жатыр.

– Ежелгі Сарайшық қаласының маңыздылығы мен танымалдығын арттыру үшін биыл мұнда визит-орталық ашылды. Көне шаһар Қазақ хандығының астанасы болған өңіріміздегі қастерлі әрі тарихи орындардың бірі екенін жақсы білесіздер. Сарайшық қалашығы өңіріміздің визит картасына айналады, деп сенеміз. Қазіргі таңда 2023-2027 жылдарға арналған «Сарайшықты дамыту» тұжырымдамасы жасақталып жатыр. Сондай-ақ жыл соңына дейін тағы екі жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл – «Keremet park» аттракциондар мен белсенді отбасылық демалыс паркі және Исатай ауданындағы «AMANDYQ» кемпингі, – деді С.Шәпкенов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз