Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда тұрғындарды қаржы пирамидасына тартқан азамат ұсталды

Atr.kz/10 тамыз, 2020 жыл. Атырауда «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің салымшыларын қаржы пирамидасына тарту, сондай-ақ, алаяқтық дерегімен іздеуде болған азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шарасының нәтижесінде күдіктіні Орал қаласында қолға түсірген.

Ұсталған күдікті оқшаулау орнына қамалды. Күдіктіге биылғы ақпанда іздеу жарияланған болатын. Сол кезде Полиция департаментіне «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің, «Нурали Капитал», «Выгодный займ» микрокредиттік ұйымдарының филиалдары азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, ақшалай қаражатын заңсыз иемденіп алу әрекеттеріне қатысты түскен өтініштер түскен еді.

Қазір тұрғындардың өтініштері негізінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулықтарды алдаған «НұралиКапитал» ЖШС құрылтайшысы Алматыдан ұсталған болатын.


Дереккөз: inform.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button