Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда тұрғын үйлерге газ иісіне дабыл қаққыштар орнатылып жатыр

Биылғы тамыз айынан бастап төтенше жағдай қызметкерлері тұрғын үйлерге газ иісіне дабыл қағатын құрылғылар орнатып бастады, деп хабарлайды  atr.kz. тілшісі.

Бұл акция жылыту маусымына дайындық барысында басталған.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, ең бірінші әлеуметтік жағдайы осал тұрғындардың үйлерін аралап, оларға арнайы газ иісіне дабыл қағатын сигналдар орнатты. 

“Бүгінде жылыту маусымында өрт сөндіру бөлімдерін тарта отырып, профилактикалық түсіндірме жұмыстары оң бағытта жалғасуда. Қала сыртындағы Талғайраң, Бесікті, Алмалы, Ақсай аудандары қамтылды. 

Қазір 20000-ға  жуық тұрғын үй профилактикалық іс-шаралардан өткен. Бірақ, алда жұмыс қыза түседі. Сәуір айына дейін 46000-ға жуық үйге дабыл қаққыштар орнатылу жоспарлануда”,- дейді ТЖД қызметкерлері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button