Атырауда тұрғын үйлердің неге жылусыз қалғаны белгілі болды (+ВИДЕО)

proproprop Жаңалықтар

Атырау қаласындағы «Нұрсая» ықшамауданында тұрғын үйлер жылусыз қалды. Қазір жылу жүйесі бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Осыдан бес жыл бұрын жүргізілген тұрбалардан ақау анықталып, жөнделіп жатыр. Қазір төрт үйде жылу уақытша тоқтатылды. Атап айтқанда, бұлар – №10, 11, 12 және 13 үйлер. Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі, жылу жүйелері және басқа да жауапты құрылымдар бірлесе жұмыс жасауда. Төрт су сорукөлігі мен бір манипулятор жұмылдырылды» дейді Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

*Сіз не дейсіз?

Рита Жайғалиқызы, «Нұрсая» («Болашақ) ықшамауданының №46 үй тұрғыны:

– Кешеден бері жылу да, ыстық су да жоқ. «Қазандық ауыстырылып жатыр» деген хабарлама келді. Бұл жұмыстар жазда неге жасалмады? «Қыстың қамын жаз ойла» деп бекер айтылмаған ғой. Бұл атүсті қарайтын мәселе емес. Әбден күн салқындаған кезде қазандық ауыстыру дұрыс па? Үйдің іші өте суық. Балаларымыз ауырып жатыр. Қарапайым жылу мәселесін алдын ала шеше алмасақ, коронавирустық инфекциядан қалай қорғанамыз?

https://youtu.be/uykIy67F5gg
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Муханова Индира

    Бул не маскара кыста казандыктын акауын жондеп жату деген. Жаз бойы не битирди казанды жондемей. Уйдин сырты болса анау кулап жатыр салкындык тын Бари уйдин ишине кирип жатыр . Уйдин ишинде емес далада жатканмен бирдимиз.Балаларга обал. Нурсая 46 уй