
Жаңалықтар
Атырауда тұрғын үйдің төбесінен секірмек болған ер адам құтқарылды
«Оқиға Атырау қаласында 7 маусым күні болған» деп хабарлайды Atr.kz
Call орталыққа Огородная көшесіндегі екі қабатты ескі тұрғын үйдің төбесінен бір жігіттің секірейін деп тұрғаны жөнінде хабар түскен.
«Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақырту орнына жетіп, қараусыз тұрған үйдің төбесінен масаң күйінде секірмекші болған 2004 жылғы азаматты альпинистік-құрал жабдықтардың көмегімен аман-есен жерге түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды» делінген хабарламада.