Атырауда тұрғын үйден өрт шықты
Бүгін, 20 қыркүйекте сағат 13.34 минутта Атырау облысы ТЖД-нің CALL орталығына Атырау қаласы Жұмыскер ықшам ауданындағы 380-ші үйден түтін шығып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды atr.kz
Шақырту орнына өрт сөндірушілер 13 сағат 43 минутта жеткен кезде, мансардты тұрғын үй ашық өртке оранғаны анықталды.
Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 3 бірлік негізгі техникасы мен 15 жеке құрамы жұмылдырылды.
Өрт сағат 13:59 минутта оқшауланып, 14:17 минутта толықтай сөндірілді. Өртенген аумақ 180 м2 құрады.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өрт туралы хабарлама Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне кеш түскен.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігін қатаң ұстануға шақырады. Тілсіз жау орын алған жағдайда дереу «101», «112» нөмірлеріне хабарласу қажеттігін ескертеді.