Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда тұрғын үй қоры 10,5 млн. шаршы метрге жетеді

Atr.kz/5 қыркүйек, 2019 жыл. Бұл туралы актив жиналыста аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

«Тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша өңірде жұмыстар атқарылып жатыр, жоспарларымыз бар. Соларды толықтай іске асыруымыз қажет.
Атырау қаласының бас жоспарына сәйкес, 2030 жылға дейін тұрғын үй қоры 4,5 млн.шаршы метрге артып, 10,5 млн.шаршы метрге жетеді. Халықтың тұрғын үйге деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында, қаланың солтүстігінен жаңадан мөлтек аудан салынуда» деп нақтылады аймақ басшысы.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button