КӨҢІЛ БӨЛЕТІН ІСТЕР БАР

Қосшағыл. Тұрғындар алдында есеп берген округ әкімі Айтқали Ідірісов ауылдың 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2016 жылғы  міндеттері туралы баяндады.

 

Ауыл әкімі бірінші кезекте былтырғы есеп беру жиынында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің  орындалу жайына тоқталды.

Жиында сөз алған ауыл ақсақалдары Аманқос Иманғалиев, Жеткізген Ізбергенов, Манас Ізтұрғанов, өзге де тұрғындар атқарылған іс-шараларды  мақұлдай отырып, шешімін күткен тұстарды да алға тартты. Атап айтқанда,  әлі күнге өзекті проблеманың бірі болып отырған ауыз судың азабынан  құтылу үшін  «Ақбұлақ» бағдарламасын іске қосудың  тетігін табуды, ауыл-аймақты көгалдандыруды, денешынықтыру-сауықтыру кешенін салуды және азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бақылауды күшейту қажеттілігін қаперледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз