Атырауда тұрғын үй сертификатының кімдерге берілетіні белгілі болды
Atr.kz/ 18 – ақпан. «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы баспана алушыларға үлкен мүмкіндік туғызды.
Қазіргі таңда дәрігер, мұғалім, өзге де сала қызметкерлерінің оған қатысуына жағдай жасалуда. «Алғашқы 20 пайыз жарнаны төлеу үшін тұрғын үй сертификаттары беріледі. Осы мақсатта жергілікті жерде 1 млрд. теңге бөлінді» деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қоғамдық кеңес отырысында.
Ұлттық банктің Атырау облыстық филиалының директоры Бақыт Когуловтың мәліметінше, бүгінде аталған бағдарлама аясында 8 екінші деңгейдегі банк филиалы жұмыс істеуде. Облыста оң шешім қабылданған 133 өтініш бойынша 1 млрд. 756 млн. теңге несие берілген.
«7-20-25» бағдарламасы – көптеген мәселелерді шешуге септігін тигізетін жоба. Сондықтан, оның жоғары деңгейде жүзеге асуына басым бағдар береміз», — деген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құрылыс компаниялармен осы мақсатта меморандум жасақтап, оны аудандарда да жүзеге асыруды орынбасары Нұрлан Таубаевқа тапсырды.
Азамат БАЗАРБАЕВ.
(Материалдың толық нұсқасы «Атырау» газетінің №12 санында)