Жарнама
ЖаңалықтарБілім

Атырауда тұңғыш рет мұғалімдер саммиті өтіп жатыр

Атырауда Бином мектептері екі күнге жоспарланған «Жайлы әрі қауіпсіз мектеп экожүйесі» тақырыбында Atyrau Teacher’s Summit-2024  іс-шарасын бастады. 

Оған өңірдің 600-ден астам педагогі қатысып жатыр. Саммит жайлы әрі қауіпсіз мектеп экожүйесін қалыптастырудың практикалық және теориялық алғышарттарын талқылауға бағытталған.  Саммит аясында сарапшылар мен педагогтер эмоционалдық интеллектті дамыту жолдары мен тәсілдерін, педагогтердің кәсіби қажуы, білім алушылар арасында буллинг пен суицидтің алдын алу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту стратегияларын қарастырады.

e997ac0a 7269 43da 8352 38bdba5780d2

            Жиында алғаш болып сөз алған «Білім болашағы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Шолпан Қадырова мұнайлы өлкеде алғаш рет ұйымдастырылып жатқан саммиттің ең үлкен жетістік екендігін айтты.

  – Астанадағы алғаш Бином мектебінің ашылғанына 2 жыл, ал Атыраудағы Бином мектебінің есігін айқара ашқанына бар-жоғы 2 ай болды. Қазіргі таңда Биномның 8 мектебінде 32 мың адам білім алып, ұлы мақсат жолында 1600 педагог еңбек етуде. Тарих үшін бұл сандар әрине, көп емес, бірақ біздің компания үшін бұл үлкен отбасын құру мен нығайтудың қиын жолы болды.

dbdb5879 77eb 4dbb 9682 acca7cb85cbd

            Менен көп адам Бином мектебінің өзге білім ошақтарынан өзгешілігі неде деп сұрайды. Ал мен үнемі біздегі басты айырмашылық біздің қауымдастықтың әр мүшесіне: ұстаздарға, шәкірттерге, ата-аналар мен команданың өзге де мүшелеріне қолдау көрсету атмосферасында екенін мақтанышпен айтамын.

b5f7ec1b c1ce 4488 b778 6f3d25fab1ef

            Осыдан екі ай бұрын, өткен жылы біз Биномның 500 ұстазына арнап Астанада керемет Teachers Summit ұйымдастырдық. Әлемдегі ең үздік 15 ұстаздың баяндамасы бізді рухтандырып, адами әрі кәсіби тұрғыда бұрынғыдан да мықтырақ болуға құлшынысымызды арттырды. Саммит аяқтала бере Атыраудағы әріптесім жаныма жақындап, «Ұстаз, педагогикалық тәжірибемдегі 20 жылдың ішінде мен мұндай деңгейдегі саммитке  алғаш рет қатысып отырмын. Тура арқама қанат біткендей, шәкірттеріме ерекше шабытпен білім бергім келеді» деді.

Сол кезде ал мұндай мүмкіншіліктен тыс қалып отырған әріптестеріміз қаншама, деп ойладым. Егер Атыраудағы әріптестеріміздің бәрі саммитке келе алмаса, саммит Атырауға келе алады! Және бұл біздің қолымыздан келді, — деді Шолпан Маратқызы. Содан соң, облыстық білім беру басқармасының басшысы Ерлан Сламбеков алдағы уақытта екі Бином мектебін салуды жоспарлап отырғандығын айтты. Сонымен қатар, облыс орталығымен ғана шектелмей, Жылыой және Мақат аудандарынан да Бином мектебін салуды жоспарлап отырғандығын тілген тиек етті.

   Саммитке 25 үздік ғалым, Қазақстандағы білім саласының сарапшылары, Биномның үздік ұстаздары екі күн бойы өздерінің ең үздік ойларымен, зерттеу нәтижелерімен, тәжірибелерімен бөліседі.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button