Нью-Йоркте тұратын қазақ полицей Шалқар Ақымғалиевті еске алу үшін қаралы лента тақты

20190329032255 Жаңалықтар

Atr.kz/ 29 наурыз, 2019 жыл. Нью-Йоркте тұратын қазақ полицей Димаш Ниязов өзгенің өмірі үшін өз жанын  құрбан еткен атыраулық полицей Шалқар Ақымғалиевке деген құрметін білдіру үшін төсбелгісіне қаралы лента тақты.

 «Бұл оқиға туралы көп адам маған хат жазып, пікірімді сұрады. Кейбіреулер «суға секірмес бұрын ойлануы керек еді» деп жатыр. Менің айтарым біреу ғана. Шалқар – нағыз батыр. Ол полицияда лайықты азаматтар еңбек етіп жүргенін дәлелдеді. Қазақстанның ішкі істер министрлігіне осындай батырды тәрбиелеп шығарғаны үшін мың алғыс. Біз, Нью-Йорк полициясындағылар марқұмның отбасына, достары мен қызметтестеріне қайғырып, көңіл айтамыз. Патруль дәстүрі бойынша, біз қаза тапқан офицерге деген құрметімізді білдіру үшін оны жерлегенге дейін қаралы лента тағып жүруіміз керек. Шалқар Қазақстанда көз жұмса да, мен оның ерлігіне бас иіп,  марқұмның туған күніне дейін төсбелгіме қаралы лента тағып жүрем деп шештім. Бұл жаңалық бізді есеңгіретіп кетті, сондықтан мен оның мемориалы үшін GoFundMe.сом сайтында қаражат жинауды бастадым», – деп жазды АҚШ-тық полицей өзінің Инстаграмм желісіндегі парақшасында.

20190329032306

 Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 21 наурыз күні кешкісін Атыраудағы қалалық көпірдің маңында болған. Оқиға орнына бірінші болып жеткен патруль полициясының сержанты Шалқар Ақымғалиев ойланбастан мұздай суға сүңгіп, өзіне қол жұмсауға бекінген қызды құтқарып қалды. Бүгінгінің батыры Шалқар 1 сәуір күні 25 жасқа толатын еді.

Дереккөз: «Қаз Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз