Жарнама
ЖаңалықтарБілім

Атырауда «Тұлпар» лагерінде жас сарбаздар тынығуда

Атырауда санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, 30%-дан артық емес толтыруымен жазғы лагерьлер жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.  


Соның ішінде облыстық «Тұлпар» демалыс лагерінің қазір төртінші кезеңі өткізілуде. Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, лагерьдің бағдарламасына «Жас сарбаз» сыныбының қызметі ұйымдастырылған.


— Осы төртінші кезеңге «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері алынды. Соған сәйкес бізде әскери топография, Қоян-қолтық ұрыс негіздері, Алғашқы медициналық көмек көрсету, Әскерилендірілген эстафета, ДП-5 В, ВПХР-мен жұмыс жасау, Әскери-спорттық жаттығу, спорттық және мәдени-көпшілік іс-шаралары өткізіліп жатыр. Барлық жұмыстар облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сай атқарылуда, санитарлық талап қатаң сақталған, — дейді Айнагүл Байғанинқызы. 


Еске салып өтейік, жолдама бөлу мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады. Ата-ана e-gyzmetter.kz порталына жеке ЭЦП кілтімен кіре отырып, баласы білім алатын мектепке өтініш бере алады.
Айта кетелік, маусым-шілде айларында жаз мезгілінде балалардың демалысын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы тамақтандыруымен облыс бойынша 169 лагерьде 5834 бала, тамақтандырусыз – 833 лагерьде 31 698 бала қамтылды.


Сондай-ақ, тамыз айында мектеп жанындағы мұндай лагерьлер Мақат, Жылыой, Құрманғазы, Индер аудандарында жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Қала сыртындағы лагерьлердің де қызметі жалғаспақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button