Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаҚоғам

Атырауда туберкулезге шалдыққандарға жәрдемақы төленді

Atr.kz/19 наурыз, 2019 жыл. Атырау облысында туберкулез ауруымен сырқаттанатындар арнайы жәрдемақы алады. Бұл туралы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің директоры Қуатжан Тұрысбеков мәлімдеді.

Атырау облысында 2018 жылы жергілікті мәслихат шешімімен бекітілген ережеге сәйкес әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратындарға отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысын есепке алмай, ай сайын әлеуметтік көмек  төлеу туралы өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, туберкулез ауруына шалдығып, амбулаториялық деңгейде ем алып жүрген емделушілерге 10 айлық есептік көрсеткіш (24050 теңге) көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек төленді.

Облыс бойынша 2018 жылы 1322 адамға жергілікті бюджеттен 197,0 млн. теңге қаржы төленді. Бұл туберкулез ауруын алдын алуға қаралған қаражаттың 10,6 пайызын құрайды (стандарт 4 %).  Ал, Жылыой, Исатай аудандарында 3 науқас үймен қамтылған.

 2018 жылдың қорытындысы бойынша 2017 жылдағы осы кезеңмен салыстырғанда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіштері 63,1-ден 74,8-ге дейін, яғни 18,5% өскен. 2018 жылы жаңадан ауырған 469 науқас тіркелген, ал 2017 жылдың осы кезеңінде 387 науқас тіркелген.

Облыстық көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 1,5 есе жоғары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button