Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтар

Атырауда туберкулезге қарсы күрес диспансерінде провизорлық орын саны 50 пайызға азайды (+ВИДЕО)

Atr.kz/14 тамыз, 2020 жыл. «Аталмыш диспансердің провизорлық стационарынан ​ соңғы он күннің ішінде 30 адам емделіп шығып отыр» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

https://youtu.be/wfzTx34gCnM

«1 тамыздан бастап, провизорлық кереует санын 50-ге дейін азайттық. Бүгінгі күні он шақты науқас ем алып жатыр. Қазіргі уақытта жасанды желдеткіш аппаратта жатқан науқас жоқ. Пандемия жағдайына қарамастан, ​ диспансерде жоспарлы ем жүргізу процесі, күрделі операциялар жасау жалғасуда» дейді Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері директорының міндетін атқарушы Серік Абишев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде коронавирус инфекциясына қарсы 100 кереуеттік провизорлық бөлімше ашылған болатын.

Тағы бір айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша, Атырау облысында туберкулез сырқатымен тіркелген науқастар саны 20 — 25 пайызға дейін азайды.

«Алғашқы жеті айда туберкулез ауруымен облыста 193 науқас анықталып отыр. Былтыр осындай мезгілде 225 науқас туберкулезбен есепке алынған болатын» дейді Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері директорының міндетін атқарушы Серік Абишев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button