Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Атырауда Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

Atr.kz/5 тамыз, 2020 жыл. Бүгін Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып Омар Бержанов тағайындалды.

Бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымына жаңа бастық, азаматтық қорғау полковнигі Омар Құмарұлы Бержановты таныстырды.

Омар Бержанов еңбек жолын 1989 жылы Гурьев облыстық ішкі істер басқармасының №57 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші қызметінен бастаған. Бұдан соң мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшылық лауазымдарында, Атырау облысы МӨҚҚ анықтау бөлімінің бастығы, Атырау облысы бойынша ӨС және АҚЖҚ ММ филиалы бастығының орынбасары, Атырау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ ММ бастығы қызметтерін атқарған. Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары, Қызылорда облысы ТЖД бастығы қызметтерін атқарған. ІІІ, ІІ, І дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен және тағы басқа көптеген марапаттарға ие болған.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button