Атырау қаласында мемлекеттік қаражат есебінен төрт үй жөнделмек

20180724 110344 Жаңалықтар

Аtr.kz/27 мамыр, 2020 жыл. «Бұл туралы бүгін Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында жергілікті энергетика және тұрғын-үй комммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бауыржан Тұхфатов айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Бұл үйлер жергілікті бюджет есебінен және қайтарымды қаражатқа     жөнделеді. Осы мақсатта  жергілікті бюджеттен 200,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Осылайша биыл Вокзал маңы-3а мөлтек ауданындағы №25а үй, Авангард-2 мөлтек ауданындағы №16 үй, СМП-163 мөлтек ауданында №3 үй, №5 үйдің жөндеу жұмыстары басталғалы отыр.

Сонымен қатар, жалпы құны 927,4 млн.теңге құрайтын 19 көпқабатты тұрғын үйге жобалық сметалық құжат әзірленді» деп атап өтті спикер.

whatsapp image 2020 05 27 at 12.31.25
whatsapp image 2020 05 27 at 12.31.25 1

Еске сала кетелік, былтырғы жылы жергілікті бюджет есебінен және қайтарымды қаражатқа   13 тұрғын үй толықтай жөнделді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз