Жарнама
БілімЖаңалықтар

Атырауда Төлеуіш Серіков атындағы стипендия тағайындалды

Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. Сафи Өтебаев атындағы  Атырау  мұнай және газ университетінде ғалым, белгілі қоғам қайраткері, химия ғылымдарының докторы, профессор, академик, оқу орнының алғашқы ректоры Төлеуіш Серіков атындағы стипендия тағайындалды.

Атаулы шәкіртақы студенттердің оқу жəне ғылыми-ізденіс жұмыстарын ынталандыру мақсатында өңірде тұңғыш рет қолға алынды. Оны салтанатты түрде тапсыру рәсімі академиктің туған күніне орай ұйымдастырылды.

Университеттің баспасөз орталығының жетекшісі Ұлдай Қойбақованың хабарлауынша, стипендия үшін алдын ала конкурс жарияланды. Конкурсқа барлық екінші-үшінші курс студенттері қатысты. Олардың ішінде белгіленген ереже талаптарына толық сай болған үш студент таңдалды. «Автоматтандыру және басқарудан» – Санжар Мұхамбетқали, «Органикалық заттардың химиялық технологиясынан» – Анастасия Чалова және «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша Аманбек Жұмағалиев аталмыш стипендияның ең алғашқы иегерлері атанып, оларға сертификат табыс етілді.

– Бұл конкурс әр семестр сайын ұйымдастырылады. Мұнда ең алдымен болашақ маманның білім деңгейі ескеріледі, жеткен жетістіктерінің болуы да маңызды. Сондай-ақ, студент «Мен неге осы мамандықты таңдадым?» тақырыбында эссе жазады. Арнайы комиссия конкурс қатысушыларын осы талаптар бойынша тексеріп, арасынан үздік үш студентті анықтап отырады. Атаулы шәкіртақының сомасы 50 мың теңге көлемін құрайды, — дейді Ұлдай Қойбақова.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/efiopiyada-abaj-shy%d2%93armashyly%d2%93y-tanystyryldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button