Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда төленбеген 86 айыппұлы бар автокөлік айып тұрағына қойылды

27 мамыр күні жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері «Interceptor» іздеу жүйесі арқылы маркасы Mersedec автокөлігін борышкер ретінде анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Тексеріс барысында аталған автокөліктің төленбеген 86 айыппұлы бар екені, сондай-ақ мемлекеттік белгісі жалған екені анықталды. Автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігіне (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару)сәйкес хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Осы ретте, атыраулық полицейлер тұрғындардан көлік сатып алу кезінде автокөлікті тексеру қажеттілігін және құжаттардың дұрыстығын қадағалауды ескертеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button