Жарнама
ЖаңалықтарБЕЙНЕЖАЗБА

Атырауда терроризмді насихаттаған қылмыстық топ ұсталды

Атыраулық полицейлер терроризмді насихаттаған қылмыстық топты ұстады.

«16 маусым күні сағат 7:30 шамасында терроризмді насихаттады деген күдікпен 1984, 1984, 1988, 1990 жылғы төрт адамнан құралған қылмыстық топты анықтап, ұстады. Аталған күдіктілердің барлығы Құрманғазы ауданының тұрғындары. Олар, аудан жастарына теріс жат ағымның ілімін насихаттағаны үшін бақылауға алынған. Тұрғылықты мекен-жайларын тексеру кезінде Қазақстан аумағында таратуға тиым салынған діни әдебиеттер мен түрлі насихаттық жадынамалар, ұялы телефондар мен 2 дана пышақ тәркіленіп, қылмыстық іске тіркелді», — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабымен, яғни Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру фактісі деп танылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button