
Жаңалықтар
Атырауда тергеу мекемелерінде кездесулер уақытша тоқтатылды
Atr.kz/19 наурыз, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Қылмыстық — атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты аталмыш мекеме бірқатар шараларды қолға алған.
— Қазіргі таңда сотталғандарды жоспарлы этаппен жіберу, шетел азаматтарының қылмыстық-атқару мекемелеріне баруы шектелді,-деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Қылмыстық — атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, түзету және тергеу мекелерінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кездесулер уақытша тоқтатылды. Департаменттің баспасөз-қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Атырау облысының түзету мекемелерінде 300-ден астам адам жазасын өтеп жатыр.
Айбөпе САБЫРОВА