Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда терезелерге көк туды ілуден жаппай флеш-моб өтеді

Атырауда бүгіннен бастап Мемлекеттік Гимн орындау,  үйлердің алдыңғы беттері мен терезелеріне Мемлекеттік Туды орналастыру бойынша жаппай флеш-мобтар өтеді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы Республика күніне арналған іс-шаралар туралы өткен брифингте Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Мәншүк Маменова мәлімдеді.

«Қыран елім – Қазақстан!» патриоттық акциясы аясында Атырау қаласы мен аудандарда «Republic Day» эгидасымен қоғамдық-маңызды, мәдени-демалыс, спорттық, әлеуметтік және басқа да бұқаралық іс-шаралар, халықтық серуендер, мерекелік сауда жәрмеңкелері өтеді.  

Мәдени іс-шаралармен қоса мекемелердің бірыңғай «Ашық есік күндері», экологиялық акциялар да жоспарланған.

 «Жанашыр Жүрек» акциясы аясында менталды бұзушылығы бар аутист спектрі бар балаларға арналған «Айна-Like» жартылай күндізгі стационар, Индер ауданы, Индербор кентінде «Болашақ», «Шығыс» мөлтек аудандары мен М.Горький көшесінде орналасқан спорт алаңдарының ашылу салтанаты өтеді.

Сондай-ақ,  Атырау, Махамбет, Индер және Құрманғазы орман шаруашылықтары мекемелерінде еңбек ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шаралар, республиканың дамуына үлес қосқан азаматтарды құрметтеу және көтермелеу мақсатында мемлекеттік және ведомствалық наградалармен, грамоталармен, алғыс хаттармен марапаттау рәсімдері өткізіледі», деді Мәншүк Маменова.

24 қазан күні сағат 15:00-де Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында «Республика күніне арналған» салтанатты шара өтеді. Дәл осындай шаралар барлық аудан орталықтарында ұйымдастырылады.

Шаралардың легі 25 қазан күні мемлекеттік рәміздер алаңында «Мемлекеттік Тудың» салтанатты көтеру рәсімімен жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button