Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

АТЫРАУДА ТЕГІН БІЛІМ АЛЫП, КӘСІП АШУҒА БОЛАДЫ

Бұл туралы Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов брифингте айтты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

– «Еңбек» бағдарламасы арқылы азаматтар жұмыс табуға, тегін жаңа білім алып, мамандық алуға, өз кәсібін аша алады, — деді А.Саматұлы.

– Биыл оны жүзеге асыруға 3 млрд. 927 млн. теңге бөлініп, 22 695 адамды қамту жоспарланса, алты айдың өзінде 16 783 адам қамтылып, 1 902,2 млн. теңге игерілді.

Бір атап өтерлік жайт, жұмыссыз азаматтар мемлекет қаржыландыруымен стипендия алып, қысқа мерзімде тегін оқытылады. Атап айтқанда, аспаз, шаштараз, дәнекерлеуші, газ операторы, тұрба құрастырушы, ағаш саты құрастырушы, маникюр шебері, электромонтер секілді қызмет көрсету, құрылыс, тамақтандыруды ұйымдастыру және басқа да сұраныстағы мамандықтарды меңгере алады.

Сондай-ақ, жұмыссыздар мен жеке кәсіпкерлер «Бастау-бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытылады және төмен пайызбен (6%) несие немесе 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 583 400 теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар ұсынылады. Жыл сайын қайтарымсыз грант пен несие алған мыңға жуық азамат тігін шеберханасын, шаштараз, наубайхана, кондитерлік өнімдер, қызмет көрсету шеберханаларын (полиграфия, сұлулық салоны, аяқ киім тігу шеберханасы, дәнекерлеу цехы), мал, құс шаруашылықтарын дамытуға қажетті инвентарьларын, технологиялық жабдықтар мен еңбек құралдарын алып, өз істерін бастаған.

Сонымен қатар, бағдарлама арқылы жұмыссыздар бюджет есебінен ұйымдар мен жұмыс берушілерде ұйымдастырылған әлеуметтік, қоғамдық жұмысқа және жас түлектер жұмыс тәжірибесін алу мақсатында Жастар практикасына жолданады. Сөйтіп, бос жұмыс орындарына тұрақты жұмысқа орналастырылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button