Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Тәуелсіздік ұрпақтары – 2025» грант жобасының іріктеу кезеңі аяқталды

Атырау облысында жастардың белсенді және талантты қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грант жобасы жүзеге асуда.

2025 жылы жоба алты бағыт бойынша ұйымдастырылды: «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар (ІТ)», «Бизнес», «Медиа» және «Волонтерлік». Әр бағытқа 1 000 000 теңгеден үш грант бөлінеді. 2024 жылмен салыстырғанда грант саны 10-нан 18-ге артты.

Атырау облысы бойынша өтінімдер 16 маусым мен 17 шілде аралығында қабылданды. 26–27 шілдеде екі күндік оқыту-тренингтер өтіп, 4–5 тамызда техникалық іріктеу жүргізілді. 8 тамызда комиссия отырысы өтті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 16 тамызда өтеді.

Грантқа 14–35 жас аралығындағы (34 жас қоса алғанда) Қазақстан азаматтары қатыса алады. Биыл өңір бойынша 325 өтінім түсіп, оның шамамен 120-сы комиссия қарауына жіберілді.

Ботагөз ИСАТАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button