Атырауда тас жолдар күтімі қатаң бақыланып жатыр
Атырау облысындағы республикалық маңызға ие тас жолдардың қыс мезгіліндегі күтімі «Жол активерінің ұлттық сапа орталығының» жергілікті филиалының бақылауында деп хабарлайды Atr.kz
«Қолайсыз ауа- райында жолдағы қауіпсіздіктің сақталуына баса назар аударатын филиал өкілдері тас жолдарға жоспарға сай шығып отырады. Облыстық филиал инженері Мерей Телеуғалиевтің айтуынша, қаңтар айында кезекті тексеріс кезінде «Атырау — Орал» тас жолының 5-189 шақырымында және 125-150, 160-170 шақырым аралығындағы жол беті қар жабындысымен нығыздалғаны анықталған.
«Осыған байланысты, «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы» жолының 458-487, 504-598, 892-893 шақырымына «Атырау — Орал» тас жолының және «Доссор – Құлсары — Бейнеу» 0-210 шақырымына барлығы 81 тонна тұз, 588 тонна құм себілді. Орталық мамандары сенбі-жексенбі күндері де тас жолдарды бақылауға алуда» дейді спикер.