Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

АТЫРАУДА ТӘРТІПСІЗДІК КЕЗІНДЕ ҰРЛАНҒАН ҚАРУ-ЖАРАҚТЫ ТАПСЫРУҒА ШАҚЫРДЫ

Құрметті Атырау облысының тұрғындары!

Атырау қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздік барысында қылмыскерлер құқық қорғау қызметкерлерінің атыс қарулары мен оқ-дәрілер және жарылғыш заттарын ұрлады.

Яғни, қылмыскерлер ұрланған атыс қару мен жарылғыш заттарды заңсыз мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін сондай-ақ, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Атыс қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Алайда, заңсыз сақтаған атыс қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Осыған байланысты, Атырау облысы полиция департаменті азаматтарды заңсыз сақтаған атыс қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды және арнайы құралдары өз еркімен тапсыруға шақырады.

Сонымен қатар, атыс қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар және арнайы құралдар табылған жағдайда полицияға хабарлауды сұраймыз. (98 23 23, 98 22 05, 98 21 55)
Атырау облысының тұрғындарынан Полиция департаментінің жүргізіп жатқан іс-шараларына түсіністікпен қарауын сұраймыз!

«Атырау ооблыстық полиция департаменті»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button