Атырауда танысынан 850 мың теңге жымқырған теріс ағым өкілі ұсталды
Атырауда танысының шетелдік көлігін тіркеп беремін деп 850 мың теңгесін жымқырған деструктивті діни ағым мүшесі ұсталды.
1991 ж.т. Атырау қаласының тұрғыны өткен жылы 1992 ж.т. танысына Ресей Федерациясында тіркелген автокөлігін Қазақстанда тіркеуге көмектесемін деп сеніміне кіру арқылы 850 мың теңге қаражатын иемденген. Уақыт өте келе арадағы келісімнің орындалмайтынына көзі жеткен азаматша полицияға шағымданған.
— Атырау облысы полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 1991 ж.т. күдіктіні ұстады. Аталған тұлға деструктивті діни ағым мүшесі екендігі анықталды. Қазіргі таңда күдікті сот шешімімен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3 бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды — деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.