Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

Атырауда тағы 200-ге жуық отбасы қоныс тойын тойламақ (+ВИДЕО)

Atr.kz/1 қыркүйек, 2020 жыл. Облыс орталығындағы апатты деп танылған Достық-1 және Геолог ықшамауданындағы №65-66 жатаханалар мен Бірлік ықшам ауданындағы АТП-3-тің тұрғындары жаңа пәтерлерге көшірілді – деп, хабарлайды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі.

https://www.facebook.com/atyraunews/videos/397345987918543/

200-ге жуық отбасы Береке ықшам ауданына қоныс аударды. Жаңа пәтерлер олардың жекеменшігіне беріледі.

  • — Жаңа үй бәрімізге ұнап жатыр. Бөлмесі, ас үйі кең, тіпті кіреберісінде де тұрмыстық заттар үшін орын қарастырылған. Қуанышымызда шек жоқ, алғысымыз шексіз – деді, қала тұрғыны Нұрсұлу Құспанова.

Айта кетейік, бүгінде апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатаханаларды көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен іске асуда. Мәселен, өткен жылы Құнанбаев №13, Достық №14 және Досмұхамбетов көшесіндегі 2 жатахана мен Әуезов көшесіндегі №22-ші тұрғын үй көшірілсе, биыл жыл басында АТП-1, АТП-2 мекен-жайындағы екі үйдің тұрғындары жаңа баспанаға қол жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button