Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда “Табиғат” мекемесі құрылды

Облыс аумағында салынған бөгеттер, арналар және басқа да гидрологиялық нысандарды күтіп ұстаумен «Табиғат» мекемесі айналысады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов  ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтты.

— Көктемге дейін аталған бөгеттердің сапасын тексеріп, қажет болған жағдайда қосымша нығайтамыз. Тасқынның алдын алу бағытында Жылыой ауданында да бірқатар жұмыс атқарылуда. Нақтырақ айтқанда, Құрсай өзегі мен Жем өзенінің 95 шақырымында түп тереңдету жұмысы жүргізіледі. Бүгінде 43 шақырымы тазаланып, тереңдетілді. Бұл жұмыс жалғасады, — деді аймақ басшысы Серік Шәпкенов.

Жылыой ауданында Құлсары қаласын, Шоқпартоғай, Тұрғызба және Ақкиізтоғай ауылдарын  қорғайтын бөгеттер салынады. Ұзындығы 6,6 шақырым болатын Күржем арнасын, Қамыскөл мен басқа көлдерді тазалау жоспарланып отыр. Оған қосымша арналардағы су өткізетін құрылғылар қайта жаңғыртылады.  

Өңір басшысы Серік Шәпкенов өз сөзінде жаңа жылдан бастап тасқынға қарсы күрес шараларын ұйымдастыратын облыстық жедел штаб жұмысын қайта бастайтынын атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button