Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін» Жолдауында мемлекеттік органдардың жұмысында ашықтық пен есеп берушілікті арттыруға, сондай-ақ қоғамдық бақылауды күшейтуге шақырса, 2024 жылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында Президент сыбайлас жемқорлықтың экономикалық өсімге кедергі екенін айтып, жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікті күшейтуді және сот жүйесінің тәуелсіздігін арттыру арқылы әділдікті қамтамасыз етуді баса айтты.

c472f227 4753 46a8 bc7d 020eff8ce5c6

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатындағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Еркебаевтың төрағалығымен, жауапты әрі жастарды тәрбиелеуде маңызды сала болып табылатын – спорт және білім салаларындағы мемлекеттік органдар мен оларға қарасты барлық мекемелердің жауапты тұлғаларына өткен жиында осы мәселелер атап өтілді.

Жиынның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейту, сонымен бірге осындай қылмыстар үшін мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оған теңестірілген, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын және лауазымды адамдардың жауаптылықтары мен оның салдары туралы өзекті мәселелерді түсіндіру болды.

7b178ce0 2f38 40c6 85e8 c7886b5100a4

Жиында уәкілетті орган басшысы Н.Еркебаевпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың заманауи аспектілері, сыбайлас жемқорлықтың типтері мен түрлеріне жеке-дара тоқталып, оның әлеуметтік-психологиялық проблемаларын атқарылудағы кешенді шаралар айтылды.

Атап өтетін болсақ, үстіміздегі жылы аталған басқарма басшысының қызметін атқарған тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танылған болатын. Осындай фактілердің алдын-алу және оны болдырмау мақсатында Департаментпен профилактикалық қызметі күшейте түсілгенін аңғаруға болады.

Сонымен қатар, бұл шарада қызметшілермен ситуациялық талқылаулар жүргізіліп, өзекті болып табылатын сыйлық беру және оны алу бойынша, жақын туысқандарының бағынысты қызметтерде жұмыс істемеу бойынша қойылған тиымдар жөнінде қолданыстағы заңнама талаптары да баяндалып өтті.

Мәселен, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдар және олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ олар функциясын атқаруы үшін алған сыйлықтар сыйлықтың алынған күнінен бастап не адамға сыйлықтың алынғаны туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал аталған адамдарға нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не адамға қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төленуге тиіс екен.

Сыйлықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы, ал сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.

Бұл кездесуде Қазақстанның, оның ішіндегі Атырау облысының осы мәселеге қатысты статистикалық цифрлары да назардан тыс қалмаған және бағынысты қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін басшылардың жауапкершілігін күшейтуге ерекше назар аударылатындығы көрінді.

Мысалы, Атырау облысы бойынша 2023 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 12 бағынысты адамдардың қылмыс жасағаны үшін басшылық ететін мемлеккеттік қызметшілері жазаға тартылған.

Ал жалпы Республика бойынша осы заңнама нормасы енгізілгеннен бастап 36 саяси қызметші отставкаға кету туралы өтініш берген болса, оның ішінде 16 отставка қабылданып, алғандары тәртіптік жауапкершілікке тартылған екен. 2024 жылы жалпы 271 саяси қызметшіге 292 тәртіптік жаза қолданылған.

Сондай-ақ, Қазақстандағы осы қылмыстар үшін сотталғандардың жастық құрамы, лауазымдық санаттары да көрсетіліп, жемқорлықтың ауыр жазаларға тартылып, мемлекетке, қоғамға, отбасылық құндылықтарына да тиетін салдары туралы моральды байқауға болады.

Transparency International ұйымының 2024 жылғы Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі Қазақстан 180 елдің ішінде 93-орынға ие болғанын, ол 2023 жылмен салыстырғанда 13 сатыға жоғары екендігін көрсетеді екен. Орталық Азияда Қазақстан төмендеу жағынан жақсы көрсеткішке ие болғанымен, бұл дертпен күрестің әлі де үздіксіз жүргізілуі тиістігін ұмытпауымыз керек.

Бұған қоса, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында мемлекеттік органдардағы «Е-қызмет» жүйесіне бір мемлекеттік органда жұмыс істейтін қызметшілер арасындағы туыстық байланыстарды анықтауға арналған функционал қосылуда екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңға өзгерістер енгізілген, енді заң талаптарын бұзғаны немесе әдеп нормаларын сақтамағаны үшін жұмыстан шығарылған тұлғалардың мемлекеттік қызметке қайта оралуына уақытша шектеу қойылды екен. Бұл шектеу әсіресе басшылық қызметтерге үміткерлер мен ауырлығы орташа қылмыс жасағандар үшін күшейтілуінің мақсаты – мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және ондағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту болып табылады екен.

Атап өту қажет, осындай соңғы заңнамалық өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің, әскери қызметшілердің, арнайы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ойын мекемелеріне баруына тыйым салынған еді. Бұл шектеудің басты себебі – құмар ойындардың қаржылық проблемаларға және сыбайлас жемқорлыққа әкелу қаупі. Аталған тыйымды бұзғандар қызметінен босатылады.

Бұдан басқа, түзетулерде бұрынғы лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жауаптылыққа тарту мүмкіндігі де көзделгенін атап кетті.

Бұдан бөлек, кездесуде Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ербол Жұмабай және Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықов пен Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Марат Абуовта осы бағытта тиісті түсіндірмелер айтып, ұсыныстар беріп өтті.

Жиын соңында мемлекеттік орган басшысына жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты мониторинг жүргізу, қоғамдық бақылауды күшейту және әрбір қызметкердің арасында адалдық қағидаттарын нығайту бойынша нақты тапсырмалар беріліп, мемлекеттік функцияларды атқаруға теңестірілген тұлғалар ға да бірқатар ұсынымдар берілді.

Майра ЕРҒАЛИ

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button