1557299974 a95b51a3094fb81bdb632a5d2d8f0d3e

Жемқорлыққа – жез ноқта!

Жаңалықтар Құқық

Atr.kz/18 қараша, 2019 жыл. Қазір бүкіл әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде.

Демек, біздің елімізде  де сыбайлас жемқорлықпен күресу маңызды мәселенің бірі. Осы орайда республика бойынша жастардың бойына парасаттылықты, адалдықты, адамгершілік пен  ұлттық құндылықтарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірқатар шаралар іске асырылды.  Көптеген қарқынды жұмыстар әлі де атқарылып жатыр.

Осы ретте, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен өңіріміздегі барлық орта білім беру ошақтарында «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы құрылды.

Бұл клубттың мақсаты – адамгершілік және ұлттық кұндылықтардың аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу. Атырау облысының өзінде  179 мектепте 3051-ден аса адамды қамтитын «Адал Ұрпақ» ерікті клубтары бар.

 Сондай-ақ, өткен жылдан бастап барлық жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында «SANALY URPAQ»  жобасы жүзеге асырылды.

«SANALY URPAQ» жобасының негізгі мақсаттарының бірі – білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, еліне адал қызмет ететін ұрпақты тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Жалпы, студенттер арасында жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ұйымдастыра отырып, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттырады.

          Осы жоба аясында   «Адал Ұрпақ» ерікті клуб мүшелері мен  жауапты мамандар бекітілді. Жастарды адалдыққа тәрбиелеу, олардың өз-өзін сынауына мүмкіндік беру мақсатында барлық жоғары және арнаулы оқу орындарында «Адалдық дүкендері» ашылды. «Адалдық дүкендерінде» кез-келген тұрмыстық қажеттіліктегі тауарлар (азық-түлік, кеңсе тауары және т.б.) сатушысыз тұрады. Яғни тұтынушы өзіне қажетті тауарды алғаннан кейін тауар бағасына сай төлемді төлеу арқылы сатушысыз сауда-саттық  жүргізеді.

Бұдан басқа, биылғы жылдың ақпан айынан бастап департаменттің ұсынысы негізінде облыстағы барлық орта білім ұйымдарында (мектептерде) «Адалдық дүкендерін» ашу жөнінде ұсыныстар берілді. Қазіргі уақытта  кәсіпкерлермен келісе отырып, облыстағы 165 мектепте «Адалдық дүкендері» ашылды.

Әрине, «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесінің жұмысы тек қана «Адалдық дүкендерін» ашып, осы шеңберде жұмыс жасау ғана емес. Сондай-ақ, жастармен бірлескен мәдени-спорттық шаралар өткізу, студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін шараларға тарту, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысымен таныстыру сияқты жұмыстарға белсенді түрде араластыру болып табылады.

Сондай-ақ «SANALY URPAQ» жобалық кеңселерінің жұмыс бағыттарының бірі – ол сыбайлас жемқорлық жағдайларын анықтау мақсатында  студенттер арасында сауалнама жүргізу. Ал, сауалнаманың нәтижелері білім беру ұйымдарының басшыларымен ескеріліп, жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты шаралар қабылданады.

Жалпы, жыл басынан бері департаментпен «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесінің аясында көптеген шаралар ұйымдастырылды.

 Атап айтқанда, облыстың жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындарының студенттері мемлекеттік қызметшілермен бірлесіп дебаттық турнир, семинар-трениг, флэшмобтар, театрлық қойылым, слет, суреттер байқауы, бірыңғай «Адалдық сағаты» коучинг форматында тәрбиелік  шаралары өтті.

Қазіргі таңда «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы жалғасын тапты. Әрине, адал ұрпақты тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар күн тәртібінен түспек емес. Мұнда маңыздысы – аталған жоба жұмысының нәтижелілігі. Осындай жобалар арқылы біз жастарымыздың бойына моральдық қасиеттерді, соның ішінде әдептілік пен адалдықты қалыптасытурды  бағыттаймыз.

Гаухар ӨТЕШОВА,

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған