
Жаңалықтар
Атырауда сұйытылған газ бағасы төмендетілді
«Атырауда газ бекеттерінде сұйытылған газ бағасының литрі 50 теңгеден сатылуда, алыс аудандарда газ бағасы 55 теңге» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жанар-жағар май бекеттерінде ұзын-сонар кезек байқалмайды. Бекеттерде жұмыс штаттық режимде жалғасуда.
Көлік жүргізушілері Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында айтарлықтай арзандаған сұйытылған газ бағасына ризашылықтарын жеткізуде.