Атырауда суға түсу мерзімі 1 маусымнан 15 маусымға шегерілді

e6186a3d 5b9d 44e8 bb86 ea6deb2f8a73 Жаңалықтар

Өңірдегі Жайық өзенінің көтерілуіне байланысты гидралогиялық болжамға сәйкес биыл суға түсу маусымы 1 маусымнан 15 маусымға ауыстырылды. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының бастығы, майор Бақыт Абланов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасымен облыста төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында шомылу маусымына дайындық іс-шаралары ұйымдастырылып, облыс әкімімен өңірде шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспары бекітілді. Осы жылғы 17 сәуірде Атырау облысында шомылу орындарын ұлғайту үшін Әділет департаментінде «Атырау облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы» қаулысы тіркеліп, осыған сәйкес облыс аумағында 46 демалыс орны белгіленді.

-Биыл облыста шомылу маусымына арналған демалыс орны 85%-ға артты. Өткен жылы облыс бойынша 4 демалыс орны болса, биыл олардың саны 27-ге жетті. Қазір жергілікті атқарушы және басқа да мүдделі органдар су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес олардың инфрақұрылымын құтқару жабдықтарымен, құтқарушылармен және медициналық пункттермен дайындау және жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруда. Осы жылы тек 46 орынның 27-не ғана қаржы бөлінгендіктен, осы орындарды дайындауды жоспарлап отырмыз, – деді Б.Абланов.

Оның айтуынша, облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 70 қауіпті учаске бар. Ол жерлерде 238 тыйым салу белгісі және 9 ақпараттық стенд орнатылған. Бүгінде су айдындарында қайғылы оқиғанын алдын алу мақсатында ТЖД қызметкерлері полициямен, Атырау қаласы мен аудандар әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесіп, күнделікті үгіт-профилактикалық жұмыс жүргізуде. Оған 273 адам 44 автокөлік және жүзу құралдары жұмылдырылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз