
Жаңалықтар
Атырауда су уақытша тоқтайды
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы 2025 жылдың 16 шілде түнгі сағат 24.00-ден 17 шілде сағат 06.00-ге дейін Д-630 мм магистральдық су құбырында апатты-қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты Атырау қаласында су беру уақытша тоқтатылатынын тұтынушылардың назарына жеткізеді. Магистральдық су құбырында жұмыстар жүргізу барысында Су тазарту құрылғыларының жұмысы уақытша тоқтатылады.