Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда су деңгейі әлі де көтеріледі

Жайық өзенінің деңгейі Индербор кенті тұсында бір тәулікте 6 сантиметрге төмендеді. Қауіпті деңгейден 176 сантиметрге әлі де артық. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.

Олардың ақпаратына сенсек, Махамбет кентінде су деңгейі бір тәулікте 3 сантиметрге артқан. Шекті мөлшерден 161 сантиметрге көп. Ал Атырау қаласында өзен суы 4 сантиметрге көбейіп, жалпы деңгейі 570 сантиметрге жетті. Шекті деңгейден 20 сантиметрге асқан. Мамандар мұнда су деңгейі әлі көтерілетінін айтып отыр. Айта кетейік, Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су төгілуде.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button