
ЖаңалықтарШаһар шырайы
АТЫРАУДА СУ БОЛМАЙДЫ…
Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі қаланың кей аумағында су болмайтынын хабарлады.
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы Нұрсая ықшамауданы, Елорда даңғылы мен Нарембаев көшелерінің қиылысында орналасқан Д-560 мм магистральды су құбырында апаттық-қалыпқа келтіру жұмыстары жүреді. Осыған байланысты ақпанның 2-сі күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Нарембаев көшесіндегі тұрғын үйлер мен нысандарға, Нұрсая ықшамауданындағы №2, 3, 5 жылу пункттеріне салқын су беру тоқтатылатынын хабарлаймыз» делінген хабарламада.