Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

Атырауда спорт саңлақтары марапатталды (+ФОТО)

Atr.kz/20 тамыз, 2019 жыл. Елімізде жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спортшылар мерекесін атап өту игі дәстүрге айналған. Осы атаулы күнге орай Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен кеше Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында аталмыш салада жоғары жетістікке жеткен спортшылар мен спорт саласының үздіктерін марапаттау шарасы болып өтті.

Салтанатты шарада жұртшылыққа өңір спортшыларының биылғы жеткен жетістіктері сөз болған бейнебаян көрсетіліп, одан әрі облыс әкімі Нұрлан Ноғаев барша спортшы қауымды мерекемен құттықтады.

– Өңірімізде жаңадан ғимараттардың салынуы, олардың ішін спорт құралдарымен жабдықтау, жетістікке жеткен спортшыларға стипендия немесе жалақы тағайындау мәселелері облысымызда жүйелі түрде жүзеге асып келе жатыр. Және бұл тәрізді игі жұмыстар болашақта да жүйелі түрде жалғаса беретін болады. Біздің жоспарымыз әр елді мекенде бұқара халықтың спортпен айналысуына жағдай жасай отырып, олардың арасынан іріктелген кәсіби жас спортшыларды даярлау болып табылады.

WhatsApp Image 2019 08 20 at 11.26.15 3
WhatsApp Image 2019 08 20 at 11.26.15 2

Осы бағытта биыл Атырау қаласында дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Болашақта сол жерде кәсіби спортшы болатын балаларға арналған жаңа үлгідегі спорттық мектепинтернат болады. Бұл ойымыз жүзеге асса, аймағымыздағы спорттың одан әрі дамуына өз үлесін қосатыны сөзсіз, — деді әкім.

Осыдан соң аймақ басшысы Қазақстан Республикасы жауынгерлік өнер ассоциациясының Атырау облыстық филиалының басшысы, Атырау облыстық муай-тай федерациясының президенті Ерлан Табылдиевке Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің Құрмет грамотасын, паратаэквондодан екі дүркін әлем чемпионы Нұрлан Домбаевқа Спорт және дене шынықтыру ісі комитеті төрағасының Алғыс хатын салтанатты түрде табыстады.

WhatsApp Image 2019 08 20 at 11.26.15 1
WhatsApp Image 2019 08 20 at 11.26.15

Сонымен қоса, өңіріміздегі спорттың дамуына және спортшыларымыздың жоғарғы жетістіктерге жетуіне үлес қосып
жүрген жаттықтырушылар мен аймағымыздың абыройын асқақтатқан саңлақтар Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Спорт мерекесіндегі марапаттаулар арасында Назым Ищанова, Айбат Амангелдиев және Ғалами Аманкелді атты спортшыларымыз қара домбыраның құлағында ойнай алатындықтарын паш етіп, көрермен ризашылығына бөленді.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

WhatsApp Image 2019 08 20 at 11.26.14 2
WhatsApp Image 2019 08 20 at 11.26.14 1

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button