Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда шетелдік автокөліктердің не себепті айыппұл тұрағына қойылып жатқаны белгілі болды

«Жыл басталысымен айыппұл көлемі 9 млн теңгені құрайтын 160-қа жуық шетелдік нөмірлі автокөлік арнаулы тұраққа қойылған» деп хабарлайды Аtr.kz

«Мәселен, қаңтар айының 28 күні, яғни бір тәулік ішінде Атырау қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген айыппұлдары бар Ресей, Армения, Қырғызстан елдерінен әкелінген 12 автокөлікті анықтады.
Олардың екеуі  36 254 теңгені құрайтын айыппұлды сол жерде төлеген. Ал, айыппұлы 395 870 теңгені құрайтын 10 автокөлік патрульдік полиция қызметкерлерімен арнаулы тұраққа жеткізілді» деп түсінік берді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз- қызметі.

Айта кетейік, жыл басталысымен Атырауда жалпы құны 9 млн теңгені құрайтын төленбеген айыппұлы бар 160-қа жуық автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.


Олардың 5-і Қырғызстан елінен, 1-і Әзербайжан, 19-ы Армения елінен әкелінген автокөліктер. Қалған машиналар Ресей елінен әкелінген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button