
ЖаңалықтарҚұқық
Атырауда шақалақты өз қолымен өлтірген сағыздық әйелдің соты басталды
Қатыгездік оқиғаның басты кейіпкері Қызылқоға ауданы, Сағыз селосының тұрғыны.
Төрт баласы бар әйелдің бесінші перзентін қатыгездікпен өлтіру себебі жабық сот отырысында айтылады.

Айыпталушы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының 35 жастағы тұрғыны. Үйінің дәретханасында босанған келіншек нәрестесін қоқыс алаңына лақтырған.
Сот процесі онлайн өтуде, ал айыпталушы ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған. Қылмыстық іс «Жаңа туған баланы анасының өлтiру» бабымен қаралып жатыр.
Төрт баласы бар келіншек күйеуімен бірге тұрады. Белгілі болғандай, айыпталушы бесінші баласына жүкті кезде дәрігерге қаралып, есепте тұрмаған.