ЕЛІМІЗ ҮШІН ЕЛЕУЛІ КҮН

Тұңғыш Президент күніне орай Атырау қалалық әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Баршы атыраулықтарды құттықтаған қала әкімі Нұрлыбек Ожаев ел тарихындағы ерекше күнге кеңінен тоқталды. 

– Қазақстан – ТМД елдері ішінде саяси, әлеуметтік шиеленіске ұшырамаған байсалды да, парасатты дамыған санаулы мемлекеттердің бірі. Экономикалық көрсеткіштеріміз бойынша да алдыңғы лекте көріне білдік. Экономикалық табыстардың нәтижесінде елде тұрақты ішкі нарық қалыптасты. АҚШ, Қытай, Ресей сынды жетекші державалар  біздің геосаяси саладағы әріптестерімізге айналды. Елбасы саясатының мәні де, маңызы да осында. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде адам да, қоғам да әлеуметтік саяси жаңа кезеңге қадам басты деп нық сеніммен айта аламыз. Қала өміріндегі оң өзгерістерді қайнаған еңбек пен жасампаз жаңалықтардан көре аламыз. Қаланың мәдени, рухани әлеуеті де күн өткен сайын жоғарылап келеді, – деді өз сөзінде қала әкімі Нұрлыбек Ожаев.

Сондай-ақ, шаһар басшысы қаламыздың әлеуметтік, экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бір топ азаматтарды атаулы күнге орай  Алғыс хатпен марапаттады.

Салтанатты жиын соңы жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз