Атырауда Сатыбалдиев көшесін қайта жаңғырту жұмыстары басталады
Сатыбалдиев көшесін қайта жаңғырту мақсатында жол құрылысы жұмыстары басталады.
Жалпы ұзындығы 2,9 шақырымды құрайтын аумаққа жол құрылысын “Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты» АҚ мердігер мекемесі жүргізеді.
Атырау қалалық әкімдігі 16 маусым күні сағат 09:00 ден бастап, Сатыбалдиев көшесінің С.Шөреев көшесі мен 46 көше қиылысы аралығында жұмыстар басталуына орай 300 метр қашықтықта жол жабылатынын хабарлайды.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары кезінде автокөлік жолы кеңейтіліп, толықтай жолдың беткі асфальт қабаттары алынып, жаңадан салынады. Сонымен қатар, жоба шеңберінде жаяу жүргінші жолын салу және заманауи көше жарық шамдарын орнату көзделген.
Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады.