Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда сал ауруына шалдыққан бүлдіршін аяққа тұрды

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ТУАБІТТІ САЛ АУРУЫМЕН ӨМІРГЕ КЕЛГЕН ҚОС БҮЛДІРШІННІҢ АЯҚҚА ТҰРУЫНА КӨМЕКТЕСТІ.

Бұл туралы бізге оңалту орталығының баспасөз қызметі мəлім етті. Өз қатарындағы балалар сияқты емін-еркін жүріп тұруды аңсаған атааналардың қуанышын бөлісуге орталық қонақтары мен ұжым қызметкерлері жиналды. Жағымды жаңалық – балаларды оңалту орталығы мамандарының үздіксіз жұмысының нəтижесі. Өйткені, мидың күрделі зақымдалуы салдарынан тірек-қимыл қозғалысында ақауы бар балаларды аяққа тұрғызу үшін ұзақ мерзімді жаттығулар керек.

– Ахмат Ерболұлына дəрігерлер микроцефалия диагнозын қойса, Ермұхан Сағытжан тумысынан сал ауруымен ауырады. Мəселен, Ахмат бір жасқа дейін төсек тартып жатты. Ол өз еркімен еңбектей алмайтын, отыру мен тұруды, яғни, өзінің денесін басқаруды білмеді. Алдымен үш ай бойы тұрақты жаттығуларды қайталап жасай бердік. Одан кейін араға аз уақыт үзіліс алып, емдік-дене шынықтыру жұмыстарын қайта жалғастырдық. Осылайша, бір жылға жуық реабилитациядан кейін алғашқы нəтижелер байқала бастады. Балалар алдымен бойын тік ұстауды үйренді. Одан соң отырып-тұруды, күніне бірнеше қадам жасауды меңгерді. Демек, баланың қол-аяғы жұмыс істеуі үшін миға тиісті сигналдар берілді. Бұл орайда ұстанған негізгі принцип – бала миын белсендіру, бұлшықеттерді қатайту. Əрине, бұл үлкен табандылықты, қажыр-қайратты қажет ететін жұмыс. Ешнəрсе бірден болмайды. Сол себепті, көп ата-аналар мұндай ұзақ мерзімге дайын болмаған соң орта жолдан тастап кетеді. Ал, қуаныштысы – баланың өз аяғымен жүруі екенін ата-аналар кейде түсінбейді, — дейді орталықтың емдікдене шынықтыру маманы Қырмызы Төлегенова.

Жылына балаларды оңалту орталығына тірек-қимыл қозғалысын оңалту бойынша жетпіске жуық бала келеді. Олардың арасында жеңіл жəне аса ауыр түрдегі науқастар бар. Барлығының арманы бір – аурудан айығу. Ата-аналардың үміт отын сөндірмей, сенімін ақтауға ұмтылатын атыраулық реабилитологтардың қызметі əркез құрметке лайық.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button